10 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Щучьеде үй өртеніп, ерлі-зайыпты қаза тапты: өрт қасақана қойылған

    29 Қыркүйек, 2026
    Щучьеде үй өртеніп, ерлі-зайыпты қаза тапты: өрт қасақана қойылған

    Фото: istockphoto.com

    Щучьеде ерлі-зайыпты қаза тапқан өртке байланысты 39 жастағы ер адам ұсталды

    Ақмола облысының Щучинск қаласында жеке тұрғын үй өртеніп, оның ішінде болған ерлі-зайыпты қаза тапты. Полицияның алдын ала мәліметінше, өртті жергілікті тұрғын қасақана қойған.

    Оқиға Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тілсіз жау жеке тұрғын үйдің шамамен 90 шаршы метр аумағын шарпыған.

    Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, жалынды ауыздықтаған. Өртті сөндіру жұмыстарына 16 құтқарушы мен төрт арнайы техника жұмылдырылды.

    Үйді тексеру кезінде құтқарушылар 1968 жылы туған ер адам мен әйел адамның денесін тапқан.

    Бастапқыда мамандар өрттің шығу себебін анықтауға кіріскен. Кейін полиция жүргізген жедел-тергеу шаралары барысында оқиғаның қасақана жасалған болуы мүмкін екені анықталған.

    «Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы жергілікті тұрғын тұрғын үйді қасақана өртеген. Соның салдарынан үйде болған ерлі-зайыпты қаза тапқан. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір полиция өрттің нақты себептері мен оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Дәстүрге қарсы догма

    Келесі жазба

    Түркістанда 9 айлық сәби екі батарейка жұтып қойып, 1,5 сағаттық отадан өтті

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстан мен Оман арасында екі жаңа әуе бағыты ашылады

    Автобуста қызға тиісіп, балағаттаған қазақстандық әкімшілік қамаққа алынды

    Қазақстанда бір апта ішінде пияз, қант және алма арзандады

    Павлодар облысында әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адамға барған әйел далада адасып кеткен

    Елордада әскери авиация ұшып, жол қозғалысына шектеу қойылды

    Шымкентте 3,1 млрд теңгелік заңсыз онлайн-казино қызметі анықталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸

    © 2025 TauNews