10 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Түркістанда 9 айлық сәби екі батарейка жұтып қойып, 1,5 сағаттық отадан өтті

    29 Қыркүйек, 2026
    Түркістанда 9 айлық сәби екі батарейка жұтып қойып, 1,5 сағаттық отадан өтті

    Фото: ЖИ

    Түркістанда 9 айлық сәби екі батарейка жұтып, шұғыл ота жасалды

    Түркістан облысында 9 айлық сәби байқамай екі батарейка жұтып қойған. Баланың ата-анасы бұл туралы бірден білмеген. Біраз уақыттан кейін сәбидің дене қызуы көтеріліп, жүрегі айнып, жағдайы нашарлаған соң оны Түркістан облыстық балалар ауруханасына жеткізген.

    Медициналық тексеру барысында дәрігерлер баланың ағзасынан екі батарейка бар екенін анықтаған. Олардың біреуі өңеште тұрып қалған. Осыған байланысты мамандар шұғыл түрде операция жасау туралы шешім қабылдаған.

    «Рентген жасады. Асқазанын қараса, екі батарейка тұр. Шұғыл түрде ота жасау керек екенін айтты. Операция шамамен 1,5 сағатқа созылды», – деді баланың анасы.

    Ота кезінде эндоскопия мамандары өңеште тұрып қалған батарейканы алып тастаған. Ал екінші бөгде зат ішек жолдарына өтіп кеткендіктен, оны хирургиялық жолмен алу қажет болмаған. Дәрігерлер сәбидің жағдайын бақылап, батарейканың өздігінен шығуын күткен.

    Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігер-хирургы Бердалы Тасанбидің айтуынша, кейін ішекте орналасқан батарейка табиғи жолмен шыққан.

    «Баланың ағзасынан екі батарейка анықталды. Оның біреуі өңеште тұрып қалған. Екіншісі ішек жолдарында орналасқан. Эндоскопия дәрігері шақырылып, фиброгастродуоденоскопия әдісі арқылы өңештегі бөгде зат алынды. Ал ішектегі батарейка динамикалық бақылауда болды. Қазіргі таңда ол өздігінен шықты», – деді дәрігер.

    Мамандардың айтуынша, әсіресе түйме тәрізді батарейкалар кішкентай балалар үшін аса қауіпті. Егер мұндай зат өңеште тұрып қалса, қысқа уақыт ішінде ағзаның ішкі тіндерін зақымдауы мүмкін.

    9 айлық сәби үш тәулік бойы жансақтау бөлімінде ем қабылдаған. Қазір баланың жағдайы жақсарған, ол дәрігерлердің бақылауында.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Щучьеде үй өртеніп, ерлі-зайыпты қаза тапты: өрт қасақана қойылған

    Келесі жазба

    Қазақстанда майлы дақылдардан рекордтық өнім жиналды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстан мен Оман арасында екі жаңа әуе бағыты ашылады

    Автобуста қызға тиісіп, балағаттаған қазақстандық әкімшілік қамаққа алынды

    Қазақстанда бір апта ішінде пияз, қант және алма арзандады

    Павлодар облысында әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адамға барған әйел далада адасып кеткен

    Елордада әскери авиация ұшып, жол қозғалысына шектеу қойылды

    Шымкентте 3,1 млрд теңгелік заңсыз онлайн-казино қызметі анықталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸

    © 2025 TauNews