10 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанда майлы дақылдардан рекордтық өнім жиналды

    29 Қыркүйек, 2026
    Қазақстанда майлы дақылдардан рекордтық өнім жиналды

    Фото: istockphoto.com

    Қазақстанда майлы дақылдардан рекордтық өнім күтілуде

    Қазақстанда биыл майлы дақылдарды жинау көлемі рекордтық деңгейге жетуі мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамынша, науқан қорытындысында 5 млн тоннадан астам өнім алу жоспарланып отыр.

    Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл майлы дақылдардың егіс көлемі 5,2 млн гектарға дейін артқан.

    Қазіргі уақытта шаруалар 2,4 млн гектар алқаптағы жұмысты аяқтап, одан 2,4 млн тонна майлы дақыл жинаған. Вице-министр егін жинау жұмыстарының өткен жылмен салыстырғанда жоғары қарқынмен жүріп жатқанын атап өтті.

    Жалпы биыл Қазақстан бойынша 24,2 млн гектар егістік алқапты жинау көзделген. Оның ішінде 15,6 млн гектардан астам жерге дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егілген.

    Дәнді дақылдарды жинау барысында да айтарлықтай көлемге қол жеткізілді. Қазірдің өзінде 13,5 млн гектар немесе жалпы алқаптың 83 пайызы орылып, 19,9 млн тонна астық бастырылған. Орташа өнімділік гектарына 14,7 центнерді құрап отыр.

    Министрлік биылғы астық түсімі көпжылдық орташа көрсеткіштен жоғары болады деп күтуде. Ведомствоның бағалауынша, алынатын өнім ел ішіндегі азық-түлік, мал азығы және тұқым қорына қажеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге экспорт көлемін сақтауға жағдай жасалмақ.

    Ауыл шаруашылығындағы егіс құрылымында да өзгеріс байқалады. Биыл дәнді дақылдардың үлесі 72 пайыздан 66 пайызға дейін қысқарған. Ал майлы дақылдардың үлесі керісінше 13 пайыздан 18 пайызға дейін артқан.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Түркістанда 9 айлық сәби екі батарейка жұтып қойып, 1,5 сағаттық отадан өтті

    Келесі жазба

    Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға астық экспорттаған бес адам ұсталды – АФМ

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстан мен Оман арасында екі жаңа әуе бағыты ашылады

    Автобуста қызға тиісіп, балағаттаған қазақстандық әкімшілік қамаққа алынды

    Қазақстанда бір апта ішінде пияз, қант және алма арзандады

    Павлодар облысында әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адамға барған әйел далада адасып кеткен

    Елордада әскери авиация ұшып, жол қозғалысына шектеу қойылды

    Шымкентте 3,1 млрд теңгелік заңсыз онлайн-казино қызметі анықталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸

    © 2025 TauNews