10 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға астық экспорттаған бес адам ұсталды – АФМ

    29 Қыркүйек, 2026
    Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға астық экспорттаған бес адам ұсталды – АФМ

    Фото: скриншот

    Үш елге астық экспорттау схемасы: БҚО-да бес адам күдікке ілінді

    Батыс Қазақстан облысында Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті астықты заңсыз импорттап, кейін оны Қазақстанда өндірілген өнім ретінде шетелге шығаруға байланысты схеманы анықтады.

    ҚМА мәліметінше, тергеу барысында бес адамның Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға астық жеткізуге қатысы бар екені анықталған. Күдікке ілінгендер өнімнің шығу тегін қазақстандық ретінде көрсетіп, оны Орталық және Оңтүстік Азия нарықтарына экспорттаған деген болжам бар.

    Тергеу нұсқасына сәйкес, Қазақстан аумағы арқылы жалпы құны 11,2 млрд теңге болатын шамамен 130 мың тонна астық өткізілген. Өнімнің негізгі бөлігі аталған үш мемлекетке жөнелтілген.

    ҚМА дерегінше, күдіктілер экспорт операцияларын жүзеге асыру үшін «Bakery Nan», «KazGrano», «Perfect Seed», «Weizen» және «Golden Grain Kazakhstan» компанияларын пайдаланған.

    Схема салдарынан «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-не транзиттік төлемдер бойынша 1 млрд теңгеден астам шығын келгені айтылды.

    Бұдан бөлек, тергеу мәліметіне сәйкес, күдіктілер салық берешегі мен кредиторлар алдындағы міндеттемелерін өтеуден жалтару мақсатында бақылауындағы экспорттаушы компаниялардың қаражатын үлестес ұйымдардың шоттарына аударған. Кейін бұл компанияларға қатысты банкроттық рәсімдерін бастауға әрекет жасаған.

    Аталған әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал көлемі ҚМА тарапынан 1,2 млрд теңге деп бағаланып отыр.

    Қылмыстық іс бойынша бес адам күдікті деп танылған. Тергеу жалғасып жатыр, істің барлық мән-жайы анықталуда. Күдіктілердің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен ғана анықталады.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстанда майлы дақылдардан рекордтық өнім жиналды

    Келесі жазба

    Қазақстан Ауғанстан мен Қытайға астық экспортын ұлғайтты

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстан мен Оман арасында екі жаңа әуе бағыты ашылады

    Автобуста қызға тиісіп, балағаттаған қазақстандық әкімшілік қамаққа алынды

    Қазақстанда бір апта ішінде пияз, қант және алма арзандады

    Павлодар облысында әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адамға барған әйел далада адасып кеткен

    Елордада әскери авиация ұшып, жол қозғалысына шектеу қойылды

    Шымкентте 3,1 млрд теңгелік заңсыз онлайн-казино қызметі анықталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸

    © 2025 TauNews