Кипрдегі оқиғадан зардап шеккен бойжеткен Қырғызстан азаматы болып шықты
Кипрде болған оқиға кезінде жарақат алған қыздың Қазақстан азаматы емес, Қырғыз Республикасының азаматы екені анықталды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, зардап шеккен азаматша Қазақстан аумағында дүниеге келгенімен, қазіргі таңда Қырғызстан азаматтығына ие.
«Ақпараттарды тексеру барысында зардап шеккен адамның Қазақстанда туғаны, алайда Қырғыз Республикасының азаматы екені анықталды», — деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Осыған дейін әлеуметтік желілерде және кейбір ақпарат құралдарында оқиғаға қатысы бар бойжеткен Қазақстан азаматы деген ақпарат тараған болатын. Кейін оның азаматтығына қатысты мәліметтер нақтыланды.
USD