Талдықорғанда TikTok платформасында тікелей эфирге шығып, әдепсіз сөздер қолданған әйел полицияның назарына түсті.
Құқық қорғау органдары жүргізген тексеру барысында эфирде балағат сөздер айтқан 32 жастағы қала тұрғынының кім екені анықталды.
Аталған жағдай бойынша іс сотқа жолданған. Талдықорған қаласының соты әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оған айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Полиция өкілдері әлеуметтік желілердің көпшілікке ашық алаң екенін еске салды. Ведомствоның мәліметінше, сөз еркіндігі қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтауға қайшы әрекеттер жасауға негіз бола алмайды.
Сонымен қатар полиция интернет қолданушыларын әлеуметтік желідегі қарым-қатынас кезінде әдеп нормаларын сақтауға және өзге адамдардың ар-намысына құрметпен қарауға шақырды. Құқық қорғау органдары желіде жарияланған ақпарат пен бейнематериалдарды балалардың да көре алатынын ескертті.
USD