Алматы облысында мектеп-интернат басшылығы 5,8 млн теңге жымқырған
Алматы облысындағы №3 арнайы мектеп-интернатында бюджет қаражатын заңсыз иемдену дерегі анықталды. Қаржылық заңбұзушылыққа мекеме директоры, оның орынбасары және бас бухгалтері қатысы бар екені белгілі болды.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, мектеп-интернаттың басшылығы ақша жымқыру мақсатында бірнеше адамды жұмысқа жалған рәсімдеген. Осылайша, олардың атына аударылған жалақыны пайдаланып, мемлекетке 5,8 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
Прокуратураның хабарлауынша, сот үкімімен мекеменің лауазымды тұлғалары кінәлі деп танылып, әрқайсысына түрлі жаза тағайындалды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазалы ауданында да балабақша есепшісінің бірнеше жыл бойы ақша жымқырғаны анықталған болатын.
USD