12 Қараша 2026, Бейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.76 ₸
    EUR EUR 495.37 ₸
    RUB RUB 5.37 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қаракемердегі үш оқушының өлімі: прокуратура «Система» тобының мүшелерін ұстады

    10 Қараша, 2026
    Қаракемердегі үш оқушының өлімі: прокуратура «Система» тобының мүшелерін ұстады

    Фото: скриншот

    Қаракемердегі үш оқушының өлімі: «Система» бейресми тобының әрекеті әшкереленді

    Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Қаракемер ауылында үш кәмелетке толмаған баланың қазасына қатысты қылмыстық іс тергеліп, сотқа жолданды. Арнайы прокурорлардың мәліметінше, оқушылар арасындағы бопсалау фактілері мен балалардың өлімі арасында өзара байланыс анықталған.

    Тергеу барысында ауыл мектептерінің оқушылары арасында «Система» деп аталатын бейресми топтың болғаны белгілі болды. Оның мүшелері арасында өзіндік иерархия, бағыну тәртібі және жазалау қағидалары қалыптасқан. Прокуратура дерегінше, топ өкілдері мектеп оқушыларынан ақша талап етіп, оларға қысым көрсеткен.

    Бас прокуратура жиналған айғақтар бопсалау әрекеттері мен үш жасөспірімнің қазасы арасында себеп-салдарлық байланыстың бар екенін көрсететінін хабарлады.

    Қылмыстық іс аясында екі күдікті ұсталды. Оларға кәмелетке толмағандарды қорқыту және өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу фактілері бойынша айып тағылған.

    Бұдан бөлек, тағы бес адамның әрекеті Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сараланған. Оларға қатысты өзге де бұлтартпау шаралары қабылданған.

    Прокуратураның мәліметінше, Қаракемер ауылындағы «Система» деп аталған бейресми құрылымның қызметі тоқтатылды. Қылмыстық іс соттың қарауына жіберілді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Ақкенженов: 2027 жылы Қазақстанда «қызыл аймақтағы» ЖЭО қалмауы мүмкін

    Келесі жазба

    Алматы облысында мектеп директоры мен бухгалтер қаржы жымқырды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстанда түсірілген Джеки Чан фильміне мамандар жеңілдетілген несие алған

    Астанада ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларын ұстады

    Қаскелеңде ер адам мектеп терезесін шағып, ғимаратқа заңсыз кірген

    Ақтауда мектептегі жанжал: директордың әйелі сот алдында жауап береді

    Бүлдіршіндерді ұрған тәрбиешілер сотталды: сот қандай шешім шығарды?

    АҚШ-қа қоныс аударған өскемендік зейнеткерлер шетелдегі жаңа өмірі туралы айтып берді

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.76 ₸
    EUR EUR 495.37 ₸
    RUB RUB 5.37 ₸

    © 2025 TauNews