Петропавлда автобуста қызға тиісіп, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам 15 тәулікке қамалды
Петропавл қаласында №4А бағытындағы автобуста болған оқиға жолаушылардың біріне қатысты орынсыз әрекет жасаған ер адамның әкімшілік қамауға алынуымен аяқталды.
Мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 7 қазанда сағат 18:30 шамасында болған. Ер адам автобустағы жолаушы қызға тиісіп, қоғамдық тәртіпті бұзған әрі айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.
Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, оқиғаның мән-жайын растады.
Іс материалдарын қараған сот ер адамды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Нәтижесінде оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Айта кетейік, сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – «Заң мен тәртіп» қағидатының негізгі бағыттарының бірі. Бұл ұстаным құқық бұзушылықтарға төзбеушілік танытып, заң талаптарын сақтауға негізделген.
USD