10 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанда бір апта ішінде пияз, қант және алма арзандады

    9 Қазан, 2026
    Қазақстанда бір апта ішінде пияз, қант және алма арзандады

    Фотоколлаж: Liter.kz

    Қазақстанда бір аптада пияз, қант және алма бағасы төмендеді

    Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бірқатары арзандады. 7 қазан 2026 жылғы мәлімет бойынша, соңғы аптада ең көп арзандаған өнім – пияз. Сонымен қатар қант, алма, картоп және басқа да тауарлардың бағасы төмендеген.

    Апталық мониторинг нәтижесіне сәйкес, пияздың құны 4%-ға, қант 2,6%-ға, алма 1,8%-ға, ал картоп 1%-ға арзандаған. Сәбіздің бағасы 0,8%-ға, балық 0,3%-ға төмендеді. Қаймақ, ет фаршы және күріштің бағасы 0,2%-дан кеміген.

    Ал ұн, нан, сүйексіз сиыр еті, қой еті және тауық етінің құны өзгеріссіз қалған.

    Өңірлер бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының жалпы төмендеуі Атырауда 0,3%, Түркістан мен Ақтауда 0,1% деңгейінде тіркелді. Астана, Алматы, Ақтөбе, Жезқазған, Қонаев, Павлодар, Талдықорған және Тараз қалаларында өткен аптамен салыстырғанда баға өзгермеген.

    Ел бойынша пияздың орташа бағасы келісіне 133 теңгені құрады. Ең төмен баға Талдықорғанда тіркеліп, бір келісі 108 теңгеден сатылған.

    Қанттың орташа құны 435 теңге болса, Ақтөбеде оның бағасы 368 теңгеге дейін төмендеген. Алманың орташа бағасы келісіне 699 теңгені құрады. Шымкентте бұл жемісті 494 теңгеден сатып алуға болады.

    Қиярдың республика бойынша орташа бағасы келісіне 536 теңгеге жетті. Ең арзан қияр Түркістанда сатылып, бір келісі 346 теңгені құрады. Таразда қиярдың бағасы 414 теңге болған.

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы елімізде апта сайын бақылауға алынады. Мониторинг негізгі азық-түлік өнімдерінің құнындағы өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Павлодар облысында әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адамға барған әйел далада адасып кеткен

    Келесі жазба

    Автобуста қызға тиісіп, балағаттаған қазақстандық әкімшілік қамаққа алынды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстан мен Оман арасында екі жаңа әуе бағыты ашылады

    Автобуста қызға тиісіп, балағаттаған қазақстандық әкімшілік қамаққа алынды

    Қазақстанда бір апта ішінде пияз, қант және алма арзандады

    Павлодар облысында әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адамға барған әйел далада адасып кеткен

    Елордада әскери авиация ұшып, жол қозғалысына шектеу қойылды

    Шымкентте 3,1 млрд теңгелік заңсыз онлайн-казино қызметі анықталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸

    © 2025 TauNews