Астанада әскери ұшақтар ұшып, жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі
10-14 қазан аралығында Астананың кейбір көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылады. Бұған елордада өтетін халықаралық саяси іс-шаралар себеп болмақ.
Мемлекеттік күзет қызметінің (МҚК) хабарлауынша, аталған шараларға дайындық және оларды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары мен Қазақстан Қарулы күштері жұмылдырылады.
Осыған байланысты жүргізушілерге қала көшелеріндегі ықтимал шектеулерді ескеріп, сапарларын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Сонымен қатар 9 қазаннан бастап елорданың әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары өткізіледі.
Ведомство қала тұрғындары мен қонақтарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жолға шығар алдында қозғалыс жағдайын ескеруге шақырды.
USD