Астанада 10 жастағы бала інісіне сыйлық алу үшін көлік жуып ақша жинаған
Әлеуметтік желіде Астанада 10 жастағы баланың кешкі уақытта көлік жуып, ақша тауып жүргені туралы жазба тарады. Желі қолданушылары баланың жағдайына алаңдап, отбасыға көмек көрсетуге дайын екендерін білдірген.
Оқиға туралы Махаббат Раева әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. Оның айтуынша, ол кешкі уақытта ауыр шелек көтеріп жүрген баланы байқап, қасына барған.
Бала көлік шамдарын жуып жүргенін және атқарған жұмысы үшін адамдардан қолма-қол ақша алатынын немесе қаражатты анасының есепшотына аудартатынын айтқан.
Жазба көпшілік арасында талқыланып, баланың отбасының жағдайына қатысты түрлі пікірлер пайда болды. Осыған байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Бала құқықтарын қорғау комитеті де жағдайға назар аударған.
Комитет өкілдері баланың анасымен сөйлесіп, отбасының жағдайын анықтаған. Кейін белгілі болғандай, бала мұқтаждықтан жұмыс істемеген.
Баланың анасының айтуынша, оның ұлы інісінің туған күніне сыйлық дайындамақ болған. Ол футбол формасын сатып алып, оны бауыры
USD