Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты.
Кремльдің мәліметінше, Путин қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан президентіне жеделхат жолдаған. Ресей басшысы қаза тапқандардың жақындарына қолдау білдірді.
Бүгін Ақорда Тоқаевтың Ресей президентіне көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтқанын хабарлады.
Мемлекет басшысы Қазақстан үшін ауыр кезеңде Владимир Путин мен Ресей халқының көңіл айтуы мен тілектестігін жоғары бағалайтынын атап өтті.
USD