Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу барысында қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты.
Бұл туралы Назарбаевтың ресми сайты мәлімдеді.
Ақпаратқа сәйкес, Тұңғыш президент Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болғаны туралы қаралы хабарды ауыр қабылдаған. Ол марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтып, олардың ауыр қазасына ортақтастығын білдірді.
USD