Қазақстандық гимнаст Милад Карими Аичи-Нагоядағы ХХ жазғы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды.
Спортшы ерлер арасындағы еркін жаттығулар финалында 14,600 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Алтын медаль Филиппин өкілі, Олимпиада чемпионы Карлос Юлоға бұйырды. Ол 14,666 ұпай жинады. Жапониялық Шома Цукияма 14,566 ұпаймен қола жүлде иеленді.
Карими бұл нәтижесімен Қазақстанға осы дисциплинада 32 жылдан кейін Азиаданың күміс медалін әкелді. Соңғы рет 1994 жылы Хиросима ойындарында Сергей Федорченко еркін жаттығуларда екінші орын алған болатын.
Милад Карими үшін бұл — Азиададағы еркін жаттығулар бойынша алғашқы медаль. 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында ол осы бағдарламада бесінші орын алған.
USD