Астанада Оман сұлтанын ресми қарсы алу рәсімі өтті
Мемлекеттік сапармен Қазақстанға келген Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидты Тәуелсіздік сарайында салтанатты түрде қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды.
Ақорда мәліметінше, ресми рәсім барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман сұлтаны екі елдің делегация құрамындағы өкілдерімен танысты.
Салтанатты шара Құрмет қарауылы ротасы бастығының рапортынан басталды. Одан кейін екі мемлекеттің мемлекеттік әнұрандары орындалды.
Ресми қарсы алу рәсімінен соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тарик Әл Саид келіссөздер өткізу үшін кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Оман арасындағы екіжақты байланыстарды одан әрі дамыту және өзара ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқылануда.
USD