10 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Тұмауға қарсы 2,1 млн доза вакцина Қазақстанға жеткізілді

    2 Қазан, 2026
    Тұмауға қарсы 2,1 млн доза вакцина Қазақстанға жеткізілді

    Фото: pixabay.com

    Қазақстанда маусымдық тұмауға қарсы вакцина салу науқаны басталды. Халықты тегін иммундау үшін 2,1 млн доза вакцина сатып алынған. Оның алғашқы 564 мың дозасы елге жеткізіліп, өңірлерге кезең-кезеңімен таратылып жатыр.

    Қазіргі таңда вакцина Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарына, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларына жөнелтілген. Қалған өңірлерге препараттарды жеткізу 5 қазанға дейін аяқталады деп жоспарланған.

    Вакцина қолына тиген медициналық ұйымдар тұрғындарға екпе салуды бастап кетті.

    Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биыл тегін вакцинация үшін Ресейде өндірілген «Гриппол» препараты қолданылып отыр. Оның құрамындағы тұмау штамдары алдағы эпидемиологиялық маусымға арналған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес келеді.

    Тегін екпе ең алдымен тұмауға және оның асқынуына бейім азаматтарға салынады. Бұл санатқа медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен сол жердегі қамқорлықтағы адамдар жатады. Сонымен қатар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша инфекция жұқтыру қаупі жоғары азаматтар да вакцина ала алады.

    Министрлік өкілдері вакцинация үшін қазан айы қолайлы кезең екенін атап өтті. Бұл уақытта екпе алып, тұмаудың маусымдық өршуіне дейін ағзада иммундық қорғанысты қалыптастыруға мүмкіндік бар.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Лионель Месси испандық футбол клубын сатып алды

    Келесі жазба

    Қазақстан AI бағытында жаңа кезеңге қадам басады: негізгі жоспарлар жарияланды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстан мен Оман арасында екі жаңа әуе бағыты ашылады

    Автобуста қызға тиісіп, балағаттаған қазақстандық әкімшілік қамаққа алынды

    Қазақстанда бір апта ішінде пияз, қант және алма арзандады

    Павлодар облысында әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адамға барған әйел далада адасып кеткен

    Елордада әскери авиация ұшып, жол қозғалысына шектеу қойылды

    Шымкентте 3,1 млрд теңгелік заңсыз онлайн-казино қызметі анықталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸

    © 2025 TauNews